Accessibility links

Алматы облысында күйдіргіге шалдыққан төрт адам ауруханаға жатқызылды


Алматы облысында күйдіргі диагнозы қойылған төрт адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Шілденің 19-ы күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне «күйдіргі індеті, тері формасы» деген диагнозбен түсті.


Дәл сол күні науқаспен байланыста болған төрт адам есепке алынды, олардың үшеуі күйдір кеселі анықталуына байланысты ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастармен байланыста болған 32 адам есепке алынды. Аурудың таралу ошағында эпидемияға қарсы жұмыстар жүргізіліа жатыр.

Дәрігерлер күйдіргі кеселі ірі қара малдың етінен тараған деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG