Accessibility links

Күрдтер Түркия билігіне шарт қойды


Жікшіл күрд бүлікшілерінің көсемі Түркия үкіметіне шарт қойып, ол орындалса қаруларын тапсыратындығын мәлімдеді.

Күрдістанның ирақтық таулы аймағында BBC телеарнасына берген сұхбатында Мұрат Караилан Түркия билігінен бейбіт күрдтерді, бұған қоса елдің шығысындағы күрд саясаткерлерін қудаламауын талап етті.

Күрдістан Жұмысшылар Партиясының басшысы Түркиядағы күрдтерге тіл және мәдениет еркіндігін сұрап отыр. Караиланның айтуынша, Анкара бұл талаптарды орындамаса, партия Күрдістан тәуелсіздігін жариялауы мүмкін.

Түркия билігі бұған қатысты «терроршылар мәлімдемесі талқыланбайды» деп жауап берді. Түркия, бұған қоса Еуропалық Одақ және АҚШ Күрдістан Жұмысшылар Партиясын террорлық ұйым деп санайды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG