Accessibility links

Косовоның бұрынғы премьері Харадинай Гаага трибуналына қайта оралады


БҰҰ-ның бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибуналы Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинайды ақтау үкімін қабылдамай тастады.

Судья бұл іске қатысты тыңдауларды қайта бастау туралы шешім шығарды. Сот бұған дейінгі процесс барысында куәгерлерлерге қысым көрсетілген деп шешті.

Косово Азат әскерінің бұрынғы қолбасшысы Харадинайды 1998 жылы аймақтың Сербиядан тәуелсіздігі үшін соғыста әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған деп айыптады.

2008 жылы ол дәлелдер жетіспеушілігіне байланысты босатылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG