Accessibility links

Халықаралық валюта қоры Гаитидің қарызын кешірді


Халықаралық валюта қоры Гаитидің мойнындағы 260 миллион доллардан аса қарызын кешірді.

Қор мәлімдемесінде, елді жер сілкінісінен кейін қайта қалпына келтіру мақсатында Гаитиге тағы да 60 миллион доллар көлемінде несие берілетіндігі атап көрсетілген.

Биыл қаңтардағы күшті жер сілкінісінен 220 мың адам қаза болып, елдің бір жарым миллион тұрғыны баспанасыз қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG