Accessibility links

Түркияда ұсталған Асқар Исағалев Қазақстанға берілді


Қазақстан ішкі істер министрлігінің есіткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің бұрынғы басшысы Асқар Исағалиев Түркиядан Қазақстанға жіберіліп, Астанадағы уақытша тергеу изоляторына отырғызылды. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасының бейсенбі күні таратқан ақпаратынан белгілі болды.

Қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша Исағалиевқа қатысты 2009 жылды мамыр айында қылмыстық іс қозғалған. Сол жылы Астана қаласының Алматы аудандық соты оны тұтқындау туралы шешім шығарып, Исағалиевке халықаралық іздеуге жарияланған. 2010 жылдың қаңтарында Ол Түркияның Анталья қаласында тұтқындалды.

Бұдан бұрын ақпарат құралдары арқылы Исағалив өзіне қатысты айыптауларды жалған екендігін айтып, қылмыстық істің заңсыз қозғалғандығын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG