Accessibility links

Түркия бала құқығына қатысты заң қабылдады


Түркия парламенті бүгін терроризм қылмыстары үшін айыпталған балалардың жаза мерзімін азайтуды көздейтін заң қабылдады.

Адам құқығын қорғаушылар Түркияда құқық заңдары саласындағы жаңа реформалардың еуропалық стандарттарға қайшы келетін тұстары көп деп есептейді. Мемлекеттік "Анадолы" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, заңсыз шерулерге қатысқан немесе жікшілдік ұрандарын таратқан балалар, реформаға сәйкес, терроризмге қарсы күрес заңына қатысты жауапқа тартылмайтын болады.

Түркия билігі елдің оңтүстік-шығысында жікшіл күрд бүлікшілеріне қатысы бар жүздеген балаларды осы заңмен қудалап келген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG