Accessibility links

Прокуратура: Горный түрмесіндегі наразылыққа 37 сотталушы қатысты


Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Горный қалашығындағы қатаң режимдегі түрмеде 37 сотталушы өз денелерін жаралады.

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің хабарлауынша, медициналық жәрдем көрсетілген сотталушылардың алтауы қазір ауруханада жатыр. Олардың жағдайлары "бірқалыпты" деп бағаланды.

Бұған дейін Әділет министрлігінің ресми өкілі Горный қаласындағы түрмеде 30 сотталушы сәрсенбі күні өз денелерін жарақаттады деп хабарлаған еді. Ерболат Ерімбетов түзету мекемесіндегілер «ішкі тәртіпке бағынғысы келмегендіктен» өз денелерін жарақаттады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG