Accessibility links

Халықаралық сот: Косово тәуелсіздігі халықаралық құқықты бұзбайды


БҰҰ Жоғарғы соты Косово тәуелсіздігі заңды деген шешім шығарды. Халықаралық сот президенті Хисаши Овада 2008 жылы қабылданған Косово тәуелсіздік декларациясы «халықаралық құқықты бұзбайды» деп мәлімдеді.

Жоғарғы сот бұл шешімді Сербия шағымына қатысты шығарып отыр. Белград 2009 жылы БҰҰ-на арызданып, Косовадағы этникалық албандардың тәуелсіздік жариялауы Сербияның территориялық тұтастығын «өрескел бұзу» деп мәлімдеді.

Косово тәуелсіздігін әлемнің 70-ке жуық мемлекеті таныды, солардың ішінде АҚШ және Еуропалық Одақтың көптеген елдері бар.
XS
SM
MD
LG