Accessibility links

Сербия Халықаралық соттың шешімімен келіспейді


Сербия БҰҰ-ның Халықаралық сотының Косово тәуелсіздігіне қатысты шығарған шешімімен келіспейтіндігін мәлімдеді.

Сот шешімінен кейін Сербия президенті Борис Тадич, шешімге қарамастан Сербия өз территориясының біртұтастығы үшін одан әрі де күресетіндігін жеткізді. Оның сөзінше, этникалық негізде бөлу БҰҰ-ның талаптарына қайшы келеді.

Жақын күндері ресми Белград, әлемнің бірқатар мемлекеттеріне өзінің 55 елшісін жібермек, олар мемлекет басшыларын Косовоның тәуелсіздігін мойындамауға шақыратын болады.
XS
SM
MD
LG