Accessibility links

Алматы облысында сібір жарасы шыққан ауылға карантин жарияланды


Алматы облысы Қазатком ауылында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Шілденің 19-ы күні орталық аудандық ауруханаға сібір жарасының терідіге түрі деген болжамды диагнозбен Алматы облысы Қазатком ауылының тұрғыны жеткізілген болатын. Бейсенбі күні тағы да төрт адам ауруханаға жатқызылды, олармен қарым-қатынаста болған 49 адам есепке алынды.

Қазіргі таңда дерт ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Мал дәрігерлері ауылдағы 638 ірі мал басын, 1 615 қой мен ешкі, 69 жылқы, 4 есек қайта тізімделді. Мал өлімі тіркелген жоқ. Малдарды сібір жарасына қарсы егу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аудан әкімінің қаулысымен Қазатком ауылына карантин енгізілді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG