Accessibility links

Қытай: дауылдан миллионнан аса адам зардап шекті


Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында болған "Чантху" дауылынан кем дегенде 2 адам қаза тауып, 1 миллион 356 мың адам қауіпті аймақта қалып қойды.

Ақпараттарға қарағанда, дауыл провинцияға нөсер жауын мен дауылды жел алып келген, Дунхайдао аралында жауын-шашынның көлемі 349 мм-ге жетіп отыр.

Апат аймағынан 72 мыңнан аса адам алып шығарылған. Аймақтағы экономикалық залал 326 миллион доллар деп бағаланып отыр.

XS
SM
MD
LG