Accessibility links

«Күлсем, қуана алмаймын...»


Илья Репин. "Түрік сұлтанына хат жазып жатқан запорожьеліктер". Сурет Википедиядан алынған.

Илья Репин. "Түрік сұлтанына хат жазып жатқан запорожьеліктер". Сурет Википедиядан алынған.

Бүгінгі қазақ қоғамында сезімі бар адам үшін ренжитін дүние соншалықты көп. Көптігі сондай... ренжігің келмейді.



Кеше ғаламтордан Өскемендегі орыс-казак ұйымдары басшыларының үшбу хатын оқыдым. Медведев пен Назарбаевқа арнап жазыпты.

Мағынасы – облыс әкімі Б.Сапарбаев шығысты «қазақыландырып» жатыр екен-мыс. Орыстарды ит қосып қуып тастапты. Шығыс Қазақстанның шырайын кіргізіп, асырап-сақтап, ел қылып отырған, басы алтын, арты күміс абзал жұрт – орыстар құрып кетудің аз ғана алдында тұр екен. Оларды дереу «Қызыл кітапқа» кіргізіп, жаппай лауазымды қызметке отырғызбаса, трайбализм мен жемқорлықтың былығына батқан қазақтар облысты құртатын көрінеді. Ұлттар достығын ұран еткен күн шұғылалы көшбасшымыздың нұрлы бейнесіне көлеңке түседі... екееен.

Қысқасы бұл шағым хатта тағы да талай дүниелер бар. Дәлелдер, мысалдар... Шынымды айтсам, солардың бәрін сипаттап теруге ерініп отырмын. Айтқым келгені: ат жалын тартып мінгелі осындай хаттың миллионын оқыдым. Егер (шағымшыл орыс-казак атамандарының аузына май!) осылар аттандап жүрген «қазақтандыру саясатының» (ең болмаса) оннан бірі рас болып, шенеуніктер жүйелі түрде ұлттық саясат жүргізген болса – сіз бен біз бұлай күңіреніп отырмас едік.

Сонымен «Сен не істедің?» дерсіз. Барлық қасиетті дүниеңе былш еткізіп түкіріп қойып, бөтен елдің президентіне арызданған «отандастарын» көргенде намысы бар адам үйіне сыймаса керек еді. Жер тепкілеп, ең болмағанда, ойбайлап, б...ын пышақтаса керек еді.

Мен өзімді намыссыз, сорлы адаммын деп есептемеймін... Мен... ашуландым... дұрысы, ашуланған сияқты болдым. Бірақ ызалана алмадым.

Неге?

ospanraqymbek@gmail.com

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG