Accessibility links

Ирак түрмесінен 4 тұтқын қашып кетті


Бағдад маңындағы түрмеден "Әл-Каидамен" байланысы бар төрт тұтқын қашып кетті. Одан бөлек, тұтқындар отырған блокқа жауап беретін түрме әкімшілігінің қызметкері де жоғалып кетті.

Елдің әділет министрі Дара Нуреддинның мәлімдеуінше, оқиға екі күн бұрын болған. Тұтқындарды терроризм айыбымен сот күтіп тұрған болатын.

Американдықтардың бақылауында болған бұл түрме 15 шілдеде Ирак үкіметіне берілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG