Accessibility links

Бейжің тұрғындарының саны 20 миллионға жақындады


Қытай астанасы тұрғындарының саны 20 миллионға жақындап қалды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі қытайлық «Чайна дейли» мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша, Бейжіңде қазіргі таңда 19 миллион 700 мыңнан астам адам тұрып жатыр, бірақ олардың 7 миллионнан астамы шеттен келген. Соңғы екі жылда қытай астанасы тұрғындарының саны 3 пайызға өсті.

Сарапшылардың пікірінше, Бейжіңдегі өмір сүру деңгейгі қытайдың шағын қалаларына қарағанда әлдеқайда жоғары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG