Accessibility links

Белград: Косово мәртебесін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы талқылауы керек


Белград Косовоның Сербия құрамынан шығуына қарсы күресуді тоқтатпайтындығын мәлімдеді. БҰҰ-ның Халықаралық соты бейсенбі күні Косово тәуелсіздік декларациясы халықаралық құқық ережелеріне қайшы келмейді деген шешімін жариялады. Сот тұжырымы кеңес беру сипатында шығарылды.

Сербия президенті Борис Тадич Халықаралық сот шешімі қыркүйек айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қарауына шығаруды талап етті. Тадич Косовоның түпкілікті мәртебесі келіссөздер негізінде анықталып, БҰҰ-ның жаңа қарарымен бекітілгендігін қалайды.

Косово премьер-министрі Хашим Тадич өзінің мемлекеті іс жүзінде тәуелсіз, бұл мәселе талқыланбайды деп мәлімдеді.

Жүма күні Еуропалық Одақ Косово мен Сербия арасында келіссөздер өткізуге көмектесуге дайын екендігін білдірді.

Косово тәуелсіздігін 69 мемлекет мойындады, бірақ мемлекеттілік заңды болуы үшін 100 мемлекеттің қолдауы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG