Accessibility links

Қызметінен кеткен генерал Маккристал зейнетке шықты


Обама әкімшілігіндегі ресмилерді сынағаны үшін орнынан алынған АҚШ-тың Ауғанстандағы бұрынғы қолбасшысы генерал Стэнли Маккристал жұма күні Вашингтонда салтанатты жағдайда зейнетке шықты.

Ресми түрде қызметімен қоштасқан генерал Маккристал АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс бастаған жоғары шенді ресмилердің қатысуымен 17 рет оқ шашу сияқты барлық әскери құрмет шараларын қабылдады.

АҚШ президенті Барак Обама өткен айда “Ролинг Стоун” басылымындағы сұқбатына байланысты Маккристалды қызметінен алып, оның орнына Дэвид Петреусты Ауғанстандағы АҚШ күштеріне қолбасшы етіп тағайындаған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG