Accessibility links

Құқық қорғаушылар ұйғыр журналисінің үкімін сынады


Адам құқын қорғаушы топтар Қытайда этникалық ұйғыр журналисінің түрмеге жабылуын айыптады. Ол өткен жылы Шыңжаңдағы ұлтаралық қақтығыс туралы шетелдік әріптестеріне хабар берген.

“Шекарасыз тілшілер” ұйымының таратқан хабарламасында, журналист Ғейрет Нияздың мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірді деген айыппен 15 жылға сотталғанына “қатты таң қалып отырмыз” делінген.

Қытайлық адам құқық қорғаушы топтар Нияздың Үрімжіде бір күнге ғана созылған соты әділетсіз өтті дейді. Осының алдында Amnesty International ұйымы да бұл сот үкімін өте қатыгез деп сынаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG