Accessibility links

Германияда фестиваль кезіндегі дүрбелеңнен 19 адам қаза болды


Германияның Дуйсбург қаласындағы “Махаббат парады” атты техно-музыкалық фестиваль кезінде жиналған жұрт арасына үрей тарап, орын алған жаппай дүрбелеңнен кемінде 19 адам қаза тапты. Тағы 340-тан аса адам жарақат алған, оның көбісі ауыр халде.

Полицияның хабарлауынша, фестивалге кіре беріс бұрынғы теміржол стансасының туннелі алдындағы қысылыстан жастар арасында топалаң орын алған.

Бұл жиынға 1 миллион 400 адам жиналған екен. 1989 жылдан бері өтіп келе жатқан “Love Parade” Еуропадағы ең үлкен музыкалық фестивалдердің бірі. Оны ұйымдастырушылар жексенбі күні бұдан былай бұл фестиваль өтпейді деп айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG