Accessibility links

Путин АҚШ-тан әкелінген тыңшыларының болашағы жарқын болатынын айтты


Ресей премьер-министрі Владимир Путин осы айдың басында АҚШ-та қолға түсіп, айырбас арқылы жеткізілген ресейлік тыңшылармен өзінің кездескенін айтты. Ол бұрынғы тыңшыларға Ресейде жақсы жағдай жасауға уәде еткен.

Путин бұл туралы Украинаға сапары кезінде мәлімдеді. Одан бұрынғы агенттердің алдағы өмірі қалай болады деп сұрағанда, “олар лайықты орындарда жұмыс жасайтын болады, мен олардың келешегі жарқын болатынына сенімдімін” деген.

Ресейдің 10 тыңшысы АҚШ-та қамауға алынып, олар шетелдік үкіметтің тіркелмеген агенттері ретінде қарастырылып, кейін Батыстың пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен сотталып, Ресейде қамауда отырған 4 тұтқынмен айырбасталған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG