Accessibility links

Мұсылмандар Бараат түнін қарсы алуға дайындалуда


Мұсылмандық мейрамдардың күнтізбесіне сәйкес бүгін Күнәдан тазару түні - Бараат.

Күнәдан тазару түні немесе Бараат түні - қасиетті Қадір түнінен кейін маңыздылығы бойынша екінші түн болып саналады.

Қасиетті Қадір түнінің Бараат түнінен айырмашылығы, Қадір түнінде адамның бүкіл өмірі алдын ала анықталса, ал Бараат түнінде адамның алдыңғы бір жыл өмірі ғана анықталады. Сондықтан мұсылмандар осы тәулікте жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап дұға оқиды. Дәл осы күні Алла әр адамның тағдырын дұға оқығанына, кешірім сұрағанына қарай шешеді.

Бараат түні әр мұсылманның үйінде дастархан жайылады. Осы түні әрбір мұсылман үй ішін жинап, дәрет алып және таза киім киіп дұға оқып Алладан күнәларын кешіруін сұрайды.
XS
SM
MD
LG