Accessibility links

Ауғанстандағы соғыс туралы құпия мәлімет баспасөзге шықты


Ақ үй Ауғанстандағы соғыс туралы құпия мәліметтердің баспасөз бетінде жариялануына наразылық білдірді.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джеймс Джонс мұндай мәліметтерді жариялау АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне және оның одақтастарына қатер төндіретінін мәлімдеді.

Бастапқы есеп бойынша, Ауғанстандағы соғысқа қатысты шамамен 92 мыңдай әскери құпия құжат Wikileaks интернет-ресурсы арқылы баспасөз бетіне шықты.

Құпия құжаттар Англияның The Guardin, Американың The New York Times және Германияның Der Spiegel газеттерінде жарияланды.

Құжаттарда бейбіт ауғандықтарды қырған белгісіз жайттар және «Талибан» қозғалысының көсемдеріне қарсы құпия операциялар туралы мәліметтер болыпты.
XS
SM
MD
LG