Accessibility links

Венесуэла президенті тағы да АҚШ-қа тиісті


Егер елге Колумбия тарапынан тұтқиылдан шабуыл жасалатын болса, онда Венесуэла АҚШ-қа мұнай экспорттауын доғаруы мүмкін, деп мәлімдеді Венесуэла президенті Уго Чавес.

Ресми Богота Колумбияның ультрасолшыл бүлікшілері Венесуэла жерін паналады деп айыптаған өткен аптада Чавес Колумбиямен арадағы қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеген болатын.

У.Чавестің жаңа мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ одақтастарының бірі саналатын Колумбия тарапынан қарулы шапқыншылық болған жағдайда, АҚШ Венесуэладан «бір тамшы да мұнай алмайды».
XS
SM
MD
LG