Accessibility links

Қырғызстанда наразылық жиыны өтіп жатыр


Бүгінгі дүйсенбіде Қырғызстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының полицейлерін елдің оңтүстігіне жөнелтуіне қарсы наразылық жиыны өтіп жатыр.

Өткен аптада аталған халықаралық ұйымның тұрақты кеңесі полицейлердің кеңес беруші тобын жіберу туралы ресми шешім қабылдады.

Полиция миссиясының басты міндеті Қырғызстанның оңтүстігіндегі ұлтаралық жікшілдікті басуға қолқабыс ету болып табылады.

Қырғызстанның оңтүстік өңірінде маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан, ресми дерек бойынша, 300-ден астам адам құрбан болды.

Ресми Бішкекпен келісілген жоспар бойынша, халықаралық полицияның 52 қызметкерінде қару ұстау және құқық сақшыларының құзыры болмайды.
XS
SM
MD
LG