Accessibility links

Африка: «Әл-Қаида» тобы француз тұтқынын өлтірді


Ислам Магрибіндегі «Әл-Қаида» тобының тұтқынында кепілдікте отырған француз азаматының өлтірілгені хабарланысымен, Франция президенті Николя Саркози қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын министерлердің төтенше мәжілісін шақырды.

Мишель Жерманоның өлтірілгені туралы хабарды «Әл-Жазира» телеарнасынан «Әл-Қаида» тобының солтүстікафрикалық бөлімінің көсемі Мусаб Абдул Вадуд оқып берді.

Хабарға қарағанда қайырымдылық ұйымының 78 жастағы француз қызметкері Жермано 24 шілде күні өлтірілген.

Экстремистер мәлімдегендей, бұл – Мавритания мен Франция жауынгерлерінің таяуда Мали аралындағы «Әл-Қаида» бекінісіне шабуыл жасауына «кек қайтару актысы» болды. Ол кезде «Әл-Қаиданың» 6 мүшесі оққа ұшқан еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG