Accessibility links

Жапондардың орташа жасы тағы ұзара түсті


Жапондар бұрынғыдан да ұзақ жасайтын болды. Қазір Күншығыс еліндегі әйелдердің орта жасы - 86, ерлердің орта жасы 80 жылға жетті.

Бұл мәліметті дүйсенбі күні Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Жапондар дұрыс тамақтану мен салауатты өмір сүру дәстүрі және дамыған денсаулық сақтау жүйесінің арқасында онсыз да ұзақ ғұмыр кешуімен кең танылған-ды.

Алайда әлеуметтанушылардың атап көрсетуінше, жас ұрпақ тәрбиелеу жағынан әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие Күншығыс елінде зейнеткерлер жасының ұзаруы – халықтың еңбекке қабылетті бөлігіне түсетін экономикалық салмақты ауырлата түседі.
XS
SM
MD
LG