Accessibility links

ВР қаржы шығынын жарияламақшы


Британдық «Бритиш Петролеум» компаниясының Мексика шығанағындағы аққан мұнайды тоқтатуға және апаттың салдарын жоюға жұмсалатын шығыны 30 миллиард долларға жетуі мүмкін. Апатқа байланысты компанияның нақты шығын көлемі бүгін өтетін ВР директорлар кеңесінің мәжілісінде мәлім етіледі деп күтіліп отыр.

Компания өкілдері бұған дейін, алдын-ала есептеулер бойынша, шілденің 19-ындағы жағдай бойынша компанияның апат аймағындағы шығыны 4 миллиард долларды шамалағанын мәлім еткен болатын. Бұл сомаға төгілген мұнайды жинауға, қосымша ұңғылар бұрғылауға кеткен шығыстар, жағалаудағы штаттарға тиесілі өтемақылар және шағым-арыздарды сотқа жеткізбей мәселені шешуге жұмсалған қаражаттар кірген.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG