Accessibility links

Дэвид Кэмерон Түркияның ЕО-ға кіру процесін тездетуді қалайды


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Түркияның Еуропа Одағына кіру келіссөздері баяулап кеткендігін сынады. Түркияға сапармен барған Кэмерон бүгін түрік әріптесі Реджеп Тайып Эрдоганмен кездесті.

Анкараның НАТО-ға мүше Еуропа Одағы елдерінің қауіпсіздігін қорғауда атқарған жұмыстарын тілге тиек еткен Кэмерон Түркияның ұйымнан тыс қалуын «әділетсіздік» деп бағалады.

Еуропа Одағының комиссары Стефан Фюле Түркияны Одаққа қабылдау процесін тездету туралы британ премьер-министрінің ұсынысын құптайтындығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG