Accessibility links

ЕО бақылаушыларының Грузиядағы мандаты ұзартылды


Еуропа Одағы өзінің грузин-абхаз және грузин-осетин жанжал аймақтарындағы бақылаушыларының мандатын ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның осы аймақтардағы миссиясының сейсенбі күні таратылған ақпаратында хабарланды.

225 бақылаушы Грузияның өз тәуелсіздіктерін жариялаған Абхазия және Оңтүстік Осетия республикаларымен шекарасына орналастырылған. Еуропалық Одақтың бұл аймақтардағы миссиясы 2008 жылы Грузия-Ресей әскери қақтығысынан кейін ашылған болатын.

Грузия билігі миссия мандатының ұзартылуын құптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG