Accessibility links

Мексика шығанағында тағы мұнай ағып жатыр


Луизиана штатының жағалауындағы бухталардың бірінде қайық аузы бекітілген ұңғыға соғылып, Мексика шығанағында қайтадан мұнай аға бастады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында су астынан биіктігі 30 метрге дейін жететін мұнай, газ және лай аралас бұрқақ ұрғылауда. Осының салдарынан апат ауданында кемелердің қозғалысы тоқтатылды. Жергілікті үкімет ауқымы жағынан бұл апаты британдық «Бритиш Петролеумның» ұңғысында орын алған техногендік апатпен салыстыруға келмейтінін айтып, өңір тұрғындарын тыныштандыруда. Жаңа апаттың салдарынан келген шығын алдағы күндері анықталады.

Ал Мексика шығанағындағы британдық «Бритиш Петролеум» компаниясының ұңғысындағы аққан мұнайды тоқтатуға және апаттың салдарын жоюға жұмсалатын шығыны 30 миллиард долларға жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG