Accessibility links

Испания: Каталонияда корридаға тыйым салынуы мүмкін


Бүгін Каталония парламенті бұқалармен жекпе-жек ойынына тыйым салатын заңды талқылайды.

Осылайша Католония елдегі испандықтардың ұлттық ойынына тыйым салған алғашқы аймақ болмақ.

Бұдан бұрын 180 мың каталондық, бұқалармен жекпе-жекті қатыгез, қазіргі заманға сай емес және жануарлар құқын бұзатын ойын екендігін мәлімдеп парламентке петиция жолдаған болатын.

Ойынды жақтаушылардың сөзінше, коррида - испандықтардың сақталуы тиіс ұлттық салт- дәстүрлерінің бірі.
XS
SM
MD
LG