Accessibility links

Пәкістандағы ұшақ апатынан кем дегенде 20 адам қаза тапты


Исламабад қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған жолаушы ұшағында кем дегенде 20 адам қаза тапты. Апаттан опат болғандар саны одан көп болуы мүмкін. Аман қалған бес жолаушы қиранды астынан шығарылды. Ұшақ бортында 152 адам болды.

Пәкістандық "Airblue" әуекомпаниясының "Airbus 321" жолаушы ұшағы Карачи қаласынан Исламабадқа ұшып келе жатқанда апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған кезде бұл ауданда нөсер жаңбыр жауып тұрды деп хабарланды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Пәкістан билігі бүгін елде азалы күн жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG