Accessibility links

Украинадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды


Украинаның Запорож облысындағы православ храмдарының бірінде жарылыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Сәрсенбі күні кешке Украина православ шіркеуінің Свято-Покров храмында жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, храмға кірер есіктің алдында күдікті түйіншек жатқан, сол зат жарылған сияқты.

Жарылыс салдарынан 9 адам жарақат алды. Қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген 80 жастағы монахиния бірнеше сағаттан кейін сонда көз жұмды.

Запорож облысының губернаторы Борис Петровтың айтуынша, «қуаты 500 грамм тротилге барабар қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған деген болжам бар».

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG