Accessibility links

Дмитрий Медведев қауіпсіздік қызметінің өкілеттілігін кеңейтті


Ресей президенті Дмитрий Медведев, елдің федералдық қауіпсіздік қызметінің құқы мен өкілеттілігін кеңейту туралы заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, ФСБ-ға іс-әрекеті «қылмыс жасауға қолайлы жағдай тудыруы мүмкін» адамдарға ескерту жасауға құқық беріліп отыр.

Сондай-ақ , ФСБ тыңшысының «жұмысына кедергі келтірген» азаматтар он бес тәулікке абақтыға қамалып, немесе 500-ден 1000 ресей рубліне дейінгі көлемде айыппұл төлейтін болады.

Ресей заңнамасына сәйкес, президенттің қолы қойылған заң ресми ақпарат құралдарына жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG