Accessibility links

Контадор «Астанадан» кетуге бел буды


"Тур де Франс" көпкүндігінің жеңімпазы испандық Альберто Контадор, қазақстандық "Астана" командасымен арадағы келісімшартты ұзартпайтындығын мәлімдеп отыр. Бұл туралы спортшы өкілдеріне сілтеме жасаған Рейтер агенттігі хабарлады.

27 жастағы спортшы «Астана» командасы үшін 2008 жылдан бері өнер көрсетуде.

Өткен жексенбі күні испандық веллошабандоз "Тур де Франс" жарысының үшінші мәрте жеңімпазы атанды. Бұған дейін ол 2007 және 2009 жылдардағы жарысты жеңіспен аяқтаған.

"Астанаға" дейін Контадор «Либерти Сегурос» пен «Дискавери Ченнел» командалары үшін жарысқа түскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG