Accessibility links

Роза Отунбаева Ош қаласына барады


Қырғызстан президенті Роза Отунбаева бүгін елдің оңтүстігіндегі Ош қаласына барады.

Осы аптада Ош қаласында жүздеген тұрғындар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы полициясының аймаққа кіргізілуіне қарсы наразылықтарын білдірді.

Еске сала кетсек, тәртіп орнатуға көмектесу мақсатында ЕҚЫҰ-ның 52 полиция қызметкері қырғыздың оңтүстік облыстарына жіберілмекші. Республиканың оңтүстігіндегі Ош және Жалал-Абад қалаларында маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG