Accessibility links

Исламабад Дэвид Кэмерон мәлімдемесіне наразылық білдірді


Пәкістан билігі Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Үндістанға сапармен барғанда айтқан мәлімдемесіне наразылық танытты.

Лондондағы пәкістандық өкіл Ваджид Шамсул Хасан британ үкіметі Пәкістанның террорға қарсы «үлкен рөлін» бағаламайды деп мәлімдеді. Сәрсенбі күні Дэвид Кэмерон Бангалорда сөйлеген сөзінде Батыс пәкістандық арнайы қызмет радикал бүлікшілерді қолдауы мүмкін деген ақпаратқа бей-жай қарамауы керек деген еді.

Бұған дейін АҚШ қолбасшылығының құпия құжаттары интернетте жарияланып кетіп, солардың бірінде пәкістандық шенеуніктердің ауған тәлібтерімен байланысы болуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG