Accessibility links

АҚШ Иранмен келіссөздерді жалғастыру ұсынысын қолдады


АҚШ Еуропа Одағының Иранмен келіссөздерді қайта жалғастыру туралы ұсынысына қолдау білдірді. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Филип Кроули Вашингтон Иранның әлемнің алты державасымен келіссөздерін жалғастыруға дайын деп мәлімдеді.

Бұған дейін Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон ЕО-ның Иранға қарсы жақында енгізген санкциялары келіссөздердің жалғасуына кедергі болмауы тиіс деген еді.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасауға мүдделі деп есептейді. Бұл айыптарды жоққа шығаратын Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт сипатқа ие екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG