Accessibility links

Әзірбайжан Ресейден 300 миллион долларға қару сатып алды


Әзірбайжан Ресейден 300 миллион долларға зенитті зымыран кешенін сатып алды. Ресейлік «Ведомости» газетінің хабарлауынша, Әзірбайжан С-300 зениттік артиллериясының екі батареясын алу туралы келісімге өткен жылы қол қойды.

Басылым аты-жөні көрсетілмеген ресейлік әскер өкіліне сілтеме жасай отырып, мұнайға бай Әзірбайжан зениттік артиллерияны көршілес Иранмен қарым-қатынасының нашарлап кетуіне байланысты өз қауіпсіздігін күшейту мақсатында сатып алған болуы керек деген болжам жасады.

Бұл бұрынғы совет елдерінде орыс қаруын сатып алу жөніндегі ең ірі келісім болады.
XS
SM
MD
LG