Accessibility links

Сербия министрі мен БҰҰ Бас хатшысы Косово мәселесін қарады


Сербия сыртқы істер министрі Вук Еремич пен БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін ұйым кеңсесінде кездесіп, Белградтың Косово мәртебесін анықтау жөнінде жаңа келіссөздер өткізу туралы талабын жабық есік жағдайында талқылады. БҰҰ-ның мәлімдемесінде олар Белград қарары жобасын талқылады делінген.

Халықаралық сот өткен аптада Косово тәуелсіздігі халықаралық құқық ережелеріне қайша емес деген шешім шығарған еді. Сербия бұл мәселені БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қыркүйектегі саммитінде талқылауды талап етіп отыр.

Пан Ги Мун өзінің іс-әрекеттерін Еуропалық Одақпен келісіп алуды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG