Accessibility links

Ресейде өрттен 5 адам қаза болды


Ресейдің Воронеж маңында дала өртінен бес адам қаза болып, жүзге тарта адам жарақат алды. Бес жүзге тарта адам баспанасыз қалды.

Воронеж бен Нижегород облыстарында 818 үй толығымен өртеніп кетті. Рязань мен Нижегород облыстарында үш жарым мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Бұдан бұрын Мәскеу маңындағы Луховицк ауданының Мохово селосында оншақты үйдің өртенгені туралы хабарланған болатын. Үш өрт сөндіруші жарақат алған.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі апат орындарына қосымша күш жіберу туралы шешім қабылдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG