Accessibility links

Роберт Гейтс: құпия құжаттардың жариялануы – қауіпті


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ауғанстан бойынша 90 мың құпия құжаттың жарияланып кетуін америкалық әскер мен оның одақтастары үшін «қауіпті» деп мәлімдеді.

Пентагонда бейсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында Гейтс құжатар жарияланған WikiLeaks сайты жауға америкалық әскери тактика мен техникалық мүмкіндіктерін ашып беріп отыр деп атап көрсетті.

АҚШ қорғаныс министрлігі құпия құжаттардың жария болуына қатысты қылмыстық тергеу жүргізу ісіне федералдық барлау бюросын шақырды.
XS
SM
MD
LG