Accessibility links

Ислам Конференциясы ұйымы Қырғызстанға көмектескісі келеді


Ош облысында сапармен жүрген Қырғызстан президенті Роза Отунбаева бүгін Ислам Конференциясы ұйымының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйым өкілдері қырғыздың оңтүстігіндегі ұлтаралық жанжалды реттеу үшін бітімгер қызметін атқаруға, бұған қоса бұзылған нысандарды қалпына келтіруге көмектескісі келеді.

Қырғызстанның Ош және Жалал-Абад облыстарында маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстан 300-ден астам адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG