Accessibility links

Ресейде орман өртінен зардап шегушілер саны өсті


Ресейде орман өртінен тоғыз адам қаза тапты, шамамен 900 үй өртеніп кетті. Өрт Нижегородск, Воронеж, Липецк, Мәскеу, Владимир, Курск облыстарына таралды.

Нижегородск облысында 500 үй өртенді, екі адам опат болды. Воронеж облысында бес адам қаза тапты, 300-ге жуық үй өртеніп кетті.

Ресей президенті Дмитрий Медведев үкіметке өртті сөндіру үшін шұғыл әрекет етуді тапсырды. Премьер-министр Владимир Путин зардап шегушілер 200 мың рубль көлемінде өтемақы алады деп хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG