Accessibility links

Ресей президентінің құқық бойынша кеңесшісі отставкаға кетті


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің адам құқықтары бойынша кеңесшісі күтпеген жерден өзінің отставкаға кететіндігін жариялады.

Элла Памфилова не себепті қызметтен бас тартқандығын түсіндірген жоқ. «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Памфилова «Бұл менің жеке шешімім, маған ешкім қысым жасаған жоқ»,- деп мәлімдеді.

Памфилова отставкаға кетерден бір күн бұрын президент Медведев федералдық қауіпсіздік қызметі туралы заңға қол қойған болатын. Адам құқығын қорғаушылар бұл заңды бұрынғы совет заманына кері шегіну деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG