Accessibility links

Тәлібтер НАТО-ға хабар берушілерді жазалайтындығын мәлімдеді


«Талибан» қозғалысы НАТО-ға ақпарат берушілерді жазалайтындығын мәлімдеді деп хабарлады «Дейли телеграф».

АҚШ қолбасшылығының 2004-2009 жылдар аралығында Ауғанстандағы әскери іс-қимылдары туралы Wikileaks сайтында жарияланып кеткен құпия мәліметтерінде НАТО-ға ақпарат берушілердің аты-жөндері келтірілген.

Тәлібтердің өкілі Забиулла Муджахид құпия құжаттарды зерттеп жатқандығын мәлімдеді.

Бұған дейін Ауғанстан президенті Хамид Карзай бұл құжаттар НАТО-ға мәлімет беруші бірқатар ауғандықтар үшін қауіпті деп ескерткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG