Accessibility links

Ресей президенті Элла Памфилованың отставкасын қабылдады


Ресей президенті Дмитрий Медведев өзінің адам құқығы бойынша кеңесшісі Элла Памфилованың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Жұма күні Памфилова күтпеген жерден өзінің отставкаға кететіндігін жариялады.

Элла Памфилова не себепті қызметтен бас тартқандығын түсіндірген жоқ. «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Памфилова «Бұл менің жеке шешімім, маған ешкім қысым жасаған жоқ»,- деп мәлімдеді.

Памфилова отставкаға кетерден бір күн бұрын президент Медведев федералдық қауіпсіздік қызметі туралы заңға қол қойған болатын. Адам құқығын қорғаушылар бұл заңды бұрынғы совет заманына кері шегіну деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG