Accessibility links

СІМ: Мәскеу әуежайында кепілге алушы – Қазақстан азаматы


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеу қаласындағы «Домодедово» әуежайында бейсенбі күні жолаушыларды кепілге алғаны үшін ұсталған Магамед Патиев - Қазақстан азаматы деп хабарлады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың «Новости-Қазақстан» агенттігіне хабарлауынша, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі «Минеральные Воды – Мәскеу» рейсінің жолаушыларын кепілге алғаны үшін ұсталған «Патиевтің құқығын қорғаумен айналысып жатыр».

Жұма күні Патиевке қарсы қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті "Могамед Патиев 2003 жылдан бері Ресей азаматы саналады» деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG