Accessibility links

Германиялықтар Love Parade құрбандарын еске алуда


Германияның шіркеулері мен алаңдарында онмыңдаған адам Love Parade музыкалық фестивалі кезіндегі қысылыстан қаза тапқан 21 адамның рухына тағзым етіп, еске алу шарасын өткізуде.

Бұл шараға қатысушылардың қатарында Германия канцлері Ангела Меркель мен президент Кристиан Вульф бар.

Өткен аптада Дуйсбург қаласындағы бұл музыкалық фестивалге кірер туннель алдында болған қысылыстан жиналған жұрт арасында дүрбелең орын алғанда 21 адам қаза тауып, 500 кісі жарақат алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG