Accessibility links

Қытай: зиялы қауым ұйғыр журналисінің сотталуына қарсы реакция білдірді


Қытайдағы белсенді топ өткен жылғы Шыңжаң қақтығысы туралы шетелдік әріптестеріне хабар берген ұйғыр журналисінің 15 жылға түрмеге жабылуына наразылық танытқан ашық хатқа қол қойды.

Адам құқын қорғаушы заңгерлер, академиктер мен жазушылар сынды 23 адам қол қойған хат Қытайға тараған. Олардың петициясында елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтірді деген айыппен түрмеге жабылған журналист Ғейрет Нияздың ісі Шыңжаңдағы этникалық жағдайды қиындатып, экстремистік әрекеттер мен ойларға итермелеуі мүмкін делінген.

Журналист Нияз Шыңжаңдағы 2009 жылдың шілдесінде ұйғырлар мен хансулар арасында орын алған этникалық қақтығыстардан кейін қамауға алынған. Ол ұлтаралық қақтығыстардан шамамен 200-дей адам қаза тауып, 1700 кісі жарақат алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG