Accessibility links

Пәкістан: құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды


Пәкістан басшылары хабарлағандай, 152 адамның өмірін әкеткен сәрсенбі күнгі ұшақ апаты орнында жұмыс жасап жатқандар соңғы мәліметтер сақталған қара жәшікті тапты.

Үкіметтік мекеменің ресми өкілі Рамзан Саид Исламабад маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі сенбі күні табылғанын айтты. Бірақ ондағы мәліметтер әзірге ашылған жоқ.

Тергеушілер ұшақтағы операцияларды жазып отыратын қара жәшік Карачиден Исламабад әуежайына бара жатқан ұшақтың не себепті апатқа ұшырағанын анықтауға көмектеседі деп үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG